Сәрсенбі, 19 Маусым 2019

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік құрылымдардың жастар және жастар ұйымдарымен әрекеттестік механизмдерін жетілдіру мақсатында, Қарағанды облысы әкімдігінің 2005 жылғы 2 маусымдағы № 11/34 қаулысымен әкімшілігі Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы болып табылатын «Қарағанды облысы жастар  ресурстық  орталығы» мемлекеттік мекемесі құрылды.2012 жылы біздің облысымызда жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы құрылады, Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 16 қарашадағы  № 58/05 қаулысымен «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесі жаңа Басқарманың қарауына берілді және ол Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

         Осыған байланысты жарғылық құжаттарға өзгерістер енгізілді. Орталық қызметінің негізгі бағыттарына түзетулер жүргізілді. 2013 жылдың 16 қаңтарында Қарағанды облысының Қаржы басқармасы басшысының бұйрығымен Орталықтың жарғысы бекітілді. 2013 жылдың 24 қаңтарында Қарағанды қ. Әділет басқармасы «ҚОЖБО» КММ Жарғысын тіркеуден өткізді. Орталық секторларының қызметтеріне түзету жүргізілді, олар өз қызметтеріне сәйкес қайта аталды, Секторлардың Ережелері, Орталық қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары  дайындалып, бекітілді, еңбек шарттары қайтадан жасалды, жылдық, тоқсандық, айлық жұмыс жоспарлары дайындалды.

Орталық қызметінің негізгі бағыттары

       

  Орталық қызметінің мақсаты - жастардың нығайып өсуіне және де рухани, мәдени, білім алу және кәсіби қалыптасулары үшін кепілдіктер  мен әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау, жалпы қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, сонымен қатар мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында туындаған мәселелерді жоспарлы шешу болып табылады. 

         Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасын орындауда а.ж. 14 қыркүйегінде  Орталық жанында балалар үйі түлектерінің әлеуметтік бейімделу Қызметі ашылды. Осыған орай, қызметкерлердің штаттық саны 13 адамнан 35 адамға дейін жоғарлады, Секторлар жұмысы қайта қаралып Бөлім болып аталды. Осылайша Орталық әкімшілік бөлім, жастармен жұмысты үйлестіру бөлімі, ақпараттық-насихаттау жұмыс бөлімі, мониторинг және талдау бөлімі, балалар үйінің түлектеріне әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бөлімі, балалар үйінің түлектеріне әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі құрылды.