Блог руководителя

IMG-20160413-WA0000

Жаңалықтар

04.10.2019 Қарағанды облысының жастары Бердібек Сапарбаевпен кездесті.
ОБЪЯВЛЯЕТСЯ КОНКУРС НА СОИСКАНИЕ МОЛОДЕЖНОЙ ПРЕМИИ «ҚАЙНАР»!

4 қазан күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев облыстың белсенді жастарымен кездесті.

Кездесу диалог түрінде өтті, онда әр жас көшбасшы жастар саясатын жүзеге асыру, еріктілер қозғалысын дамыту, этносаралық толеранттылықты қалыптастыру, бос уақытты өткізу, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыру тағы басқа тақырыптарда өз ойларын еркін білдірді.

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев алға қойылған міндеттерді орындау үшін оңтайлы жағдайлар жасай отырып, мемлекеттік жастар саясаты саласындағы модернизацияның негізгі бағыттары туралы айтып өтті.

Кездесуге жастар қозғалысының және үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, университеттер мен колледждердің белсенділері, жас ғалымдар, еріктілер, агроөнеркәсіп кешенінің өкілдері және жас жұмысшылар қатысты.


Кері қайту