Блог руководителя

IMG-20160413-WA0000

Жаңалықтар

14.10.2019 Қала жəне аудандық жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен мамандарына арналған «Қарағанды облысының қала және аудандық жастар ресурстық орталықтарының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы тиімділік индикаторларын жетілдірудің V кезеңі» атты семинары өз мәресіне жетті.

Қала жəне аудандық жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен мамандарына арналған «Қарағанды облысының қала және аудандық жастар ресурстық орталықтарының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы тиімділік индикаторларын жетілдірудің V кезеңі» атты семинары өз мәресіне жетті.

Аталмыш семинардың мақсаты - аймақта мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды жетілдіру мəселелерін талқылау, жастардың облыстың əлеуметтік, мəдени, қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі мен орнын айқындау.

Іс-шара мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, жəне жастардың арасында жастардың өзекті мəселелерін шешуге, сондай-ақ қолдау шараларын жүзеге асыру механизмдерін жетілдіруге ықпал етеді. Бұл Қазақстандағы Жастар жылының ашылуында Елбасы қойған ең маңызды міндетке жатады.

Екі күн бойы ресурстық орталық жетекшілері заманауи жағдайда жастардың өзін-өзі ұйымдастыру жəне əлеуметтену үдерістеріне жан-жақты көмек көрсетудегі жаңа нəтижелі əдістерді жетілдіру бойынша оқуға қатысты.

Өз-өзін жұмыспен қамтыған жəне жұмыссыз жастардың мəселесі, мемлекеттік қолдау тетіктерінің қолжетімділігі, ауыл жастарын қолдау бағдарламалары, жастар жəне қоғамдық ұйымдармен өзара байланыс мəселелері талқыланды.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.


Кері қайту