Блог руководителя

IMG-20160413-WA0000

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында Қарағанды облысы әкімінің Кубогі үшін КТК ойыны өтті

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында Қарағанды облысы әкімінің Кубогі үшін КТК ойыны өтті.

Музыкалық комедия театрының сахнасында әкім кубогін 5 команда таласқа салды. Олардың арасында Нұр-Сұлтан, Ерейментау мен Теміртау қалаларынан келген қонақ құрамалар да бар.

Жайдарманның жарқын сахнасында ерекше ойын көрсеткен барша командалар көпшілікті күлкіге бөлеп, көрермендердің ыстық қошеметіне бөленді. Әр команда өзіндік ойын ерекшеліктерімен көрініп, әрбір әзілдерінде қоғамдағы мәселелерді әзілмен жеткізіп, көрермендердің көңілінен шыға білді.

Сайыс қорытындысы бойынша әділ қазылардың шешімімен ІІІ орынға Еуразия ұлттық университетінің құрамасы, ІІ орын орынға Қарағандылық «Бруклин 9-9» құрамасы, бірінші орынға Теміртау қаласының «Джанлуиджи Магнитоffon» құрамасы, ал Нұр-Сұлтан қаласының «Целиноград» құрама командасы Қарағанды облысы әкімінің кубогіне ие болды. «Үздік ойыншы» номинациясын Ерейментау қаласының «Туфли моего деда» құрама командасының ойыншысы Арғын Аманбек жеңіп алды.

Жалпы жүлде қоры 300 000 теңгені құрады.


Кері қайту