Блог руководителя

IMG-20160413-WA0000

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Қарағанды облысының жастар мен балалар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе Қарағанды облысы әкімінің Кубогіне арналған жайдарман фестивалін өткізді.

Іс-шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов және Қазақстан КВН Одағының президенті Есен Елеукен қатысты.

Жайдарман фестивалінің басты мақсаты мен міндеті: жастардың шығармашылығын қолдап, бастамаларын дамыту, патриоттық тәрбие дәрежесін көтеру, олардың бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал жасау, жайдарман сайыстарына деген қызығушылығын арттыру, жастар шығармашылық ұжымдарының кәсіби деңгейін көтеру, рухани құндылықтарды насихаттау.

Қарағанды облысы әкімінің Кубогіне арналған жайдарман фестиваліне 11 команда қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша әділ қазылардың шешімімен 3 орынды Сәтбаев қаласының құрамасы, 2 орынды «Агро» құрама командасы, 1 орынды «Күлкі синдромы» командасы иеленді.

Жеңімпаз командалар кубок, диплом және ақшалай сертификатпен марапатталды.

Кері қайту