Блог руководителя

IMG-20160413-WA0000

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ХV еңбек маусымының салтанатты жабылу аясындағы «Jasyl El awards ceremony» салтанатты рәсімі өтті

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ХV еңбек маусымының салтанатты жабылу аясындағы «Jasyl El awards ceremony» салтанатты рәсімі өтті.

«Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары 2005 жылы құрылған болатын. Биыл да облысымызда жастардың еңбек жасағы құрылып, оның бөлімшелері барлық өңірлерде ашылды. Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, биыл «Жасыл ел» штабы жаз маусымында облысымыздың 2000-нан астам жас тұрғынын жұмыспен қамтыды.

Салтанатты шараға жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Нұржан Жетпісбаев, Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының директоры Расул Касенхан, облыстық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Ержан Хамитов қатысты.

Шара барысында еңбек маусымында ерекше белсенділік танытқан жастарға «Үздік жасақ», «Үздік сарбаз», «Үздік командир» номинациялары бойынша дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.


Кері қайту