Блог руководителя

IMG-20160413-WA0000

Жастар жылы аясында Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетімен бірлесіп «Қазіргі ғылымның өзекті мәселелері: жас ғалымдардың көзқарасы» жастардың ғылыми форумын өткізді

Жастар жылы аясында Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетімен бірлесіп «Қазіргі ғылымның өзекті мәселелері: жас ғалымдардың көзқарасы» жастардың ғылыми форумын өткізді.

Форум мақсаты жастардың инновациялық белсенділігін ынталандыру, жастардың ғылым саласындағы жетістіктерін дамыту, озық тәжірибені тарату және аяқталған ғылыми-техникалық әзірлемелерді, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды көрсету, облыстың зияткерлік қозғалысын дамыту.

Форум аясында секциялық сабақтар, жоғары оқу орындарында ғылыми қызметті және зияткерлік клубтарды дамыту жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нұржан Жетпісбаев, жас ғалымдар, PhD докторанттар, магистранттар, студенттер, бизнес, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдері қатысты.


Кері қайту