Блог руководителя

IMG-20160413-WA0000

Облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан 2020: болашаққа бастар жол» 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы, жастардың мәселелерін қозғайтын мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде құралады.

5 желтоқсанда Қарағанды облысының әкімі Ж.М. Қасымбектің төрағалығымен жастар ісі жөніндегі Кеңестің осы жылғы соңғы отырысы болып өтті.

Жастар ісі жөніндегі Кеңестің басты мақсаты – жастар арасындағы  маңызды мәселелерді шешу, оларға жан-жақты көмек көрсету.

Шараға облыс әкімі жанындағы жастар ісі бойынша Кеңестің мүшелері, облыстық басқармалар басшылары, республикалық жастар ұйымдарының басшылары, қала және аудандар әкімдері, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, ҮЕҰ-дар және БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыста күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Н.А. Жетпісбаевтің, Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.А. Жүніспекованың Сәтбаев қаласының әкімі А.А. Ыдырысовтың, Ұлытау ауданының әкімі Б. Әбдіғалиұлының, Шет ауданының әкімі М.Ж. Жандәулетовтің өңірдегі мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы туралы баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, 2020 жылға арналған облыс әкімі жанындағы жастар ісі бойынша Кеңестің жұмыс жоспарын бекіту жөніндегі сұрақтар қарастырылды.


Кері қайту