Блог руководителя

IMG-20160413-WA0000

Жастар жылын қорытындылау аясында, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қарағанды облысының жастарымен кездесті.

Кездесу еркін форматта өтті. Жастар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Сонымен қатар, кездесуде «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Global Procurement Company ЖШС-ның бизнесті дамыту бойынша директоры Олжас Сүлейменов, Қарағанды пікірсайыс бірлестігінің жетекшісі Абай Отарбаев, «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының жетекшісі Рустам Жаналиев сөз алып, өз табыстарымен бөлісті.

Кездесу соңында «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасын іске асырған және жастар жылы аясында жетістікке жеткен жас азаматтар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Кері қайту