Блог руководителя

IMG-20160413-WA0000

Құрылым

Жастармен  жұмысты  үйлестіру  және бастамашылдығына қолдау көрсету бөлімі  жастардың интеллектуалды және шығармашыл дамуына қолдау көрсетуді  жүзеге асырады;

- жастардың қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшыларымен, ЖОО мен ОАОО-ның жастар ісі жөніндегі комитеттерімен, еріктілермен ынтымақтастықта болады;

- аймақтағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда ауылдық, студент және жұмысшы, оқушы жастармен жұмыс жүргізеді;

- жастардың қоғамдық маңызды бастамаларын дамыту бойынша іс-шаралар өткізеді;

- салауатты өмір салтын қалыптастыруда жұмыстар жүргізеді;

- қайырымдылық іс-шараларын өткізеді;

- жастаға әскери-патриоттық, патриоттық тәрбие беруде іс-шаралар ұйымдастырады және өткізеді;

- Қарағанды облысының жалпы білім беретін, орта арнайы білім беретін, жоғары оқу орындарымен, сонымен қатар қуатты құрылымдарымен қарым-қатынас жүргізеді;

- аймақ өмірін әлеуметтік зерттеуге талдау жүргізеді, мәліметтер жинайды және өткізеді;

- әлеуметтік және психологиялық зерттеулер жүргізу үшін әдістемелік құралдарды әзірлейді;

- жастарға психологиялық көмек көрсетеді. Сұраныс бойынша жекеше, топтық, тренингтік жұмыстар жүргізеді;

- көшбасшысының әлеуметтік-психологиялық келбетін құрастырады;

- жазасын өтеу мерзімі аяқталып қалған 29 жасқа дейінгі сотталушылардың социумға бейімделулері бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізеді;

- этномәдени, діни, халықаралық бірлестіктер, саяси партиялар, оппоненттер, жастардың субмәдениеттерімен өзара қарым-қатынас жүргізеді;

-жастар ортасында діни экстремизмнің, девиантты және делинквентті мінез-құлықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын өткізеді;

 - облыста өткізіліп тұратын оқиғалы іс-шараларға сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

Тел.: 8 (7212) 40-21-33  (3111)

Ақпараттық  қамтамасыз ету және бастамашылдығына қолдау көрсету бөлімі мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі заңдарды, ҚР Президенті                            Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халыққа жолдауын, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту, еңбек, жұмыспен, тұрғын үймен қамту кепілдіктері мен мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мен насихаттауда ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүзеге асырады;

 - аймақтағы барлық деңгейдегі жастарға кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізеді.

 -бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да PR-контактардың өкілдері мен Орталық арасындағы қарым –қатынасты жүргізеді. БАҚ мен ғаламтор желілерінде  мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында іс-шаралардың ақпаратын түсіндіреді.Блогерлік.       

 -аналитикалық ұсыныстармен блог-платформмен контент-талдауын жүргізеді.

- БАҚ ақпараттары мен өзге де сыртқы дерек көздерін мониторинг және талдау бөліміне күн сайын беру үшін жинайды.

Тел.: 8 (7212) 40-21-33 (3214)

      Мониторинг және талдау бөлімі  жұмысының басты бағыттары  Орталық қызметі жөніндегі  жиынтық апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы есептілікті жасау;

 - Қарағанды облысының статистика Басқармасынан келген Орталық қызметіндегі статистикалық мәліметтерді қолдануда ақпараттар жинайды, талдау және ұсыныстар жүргізу;

  -  БАҚ мониторингі мен өзге де сыртқы дерек көздерін жасау: апта сайын, ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын.

  - облыс бойынша балалар үйлерінің түлекектерін жұмыспен қамту бойынша  ақпараттар жинау, талдау және мониторинг жүргізу;

  - аймақтағы жастармен жұмыс жүргізу Орталықтарының қызметі жөнінде мониторинг және талдау жүргізу, ақпараттық базаны калыптастыру;

- аймақтағы жастар жағдайлары, клубтар (денсаулық, патриоттық, аула, қызығушылықтар бойынша және басқалары),  жастардың суб мәдени, жастардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметтері жөнінде мониторинг және талдау жүргізу, ақпараттық базаны калыптастыру;

 - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында Орталықпен өткізілген іс-шараларға ақпараттар жинайды, талдау және мониторинг жүргізу болып табылады.

Тел.: 8 (7212) 40-21-33 (3113)

   Жастарға  әлеуметтік - құқықтық  және психологиялық қолдау  көрсету  бөлімі тәжірибиелі заңды-құқықтық және кеңес беру көмектерін жүзеге асырады;

-балалар үйі түлектерінің қоғамда әлеуметтенулері мен әлеуметтік  сауығуларына, заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда, құқық бұзушылықтың алдын алуға жәрдемдеседі;

Балалар үйі түлектерін тұрғын үймен қамту және жұмысқа орналастыру саласында жағдай жасауда, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелерінде мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жүргізеді.

      қызметкерлері жекеше, топтық, тренингтік жұмыстар негізінде тәжірибиелі, диагностикалық, кеңес беру, психо түзету, әлеуметтік-психологиялық көмектер көрсетеді;

-әлеуметтік және психологиялық ауытқыған мінез-құлықты балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектеріне түзету мен алдын алу шараларын жүргізеді;

 -тәрбиелеу-түсіндіру жұмыстарын, әлеуметтік-психологиялық патронаж және балалар үйі түлектеріне қолдау көрсетуді жүзеге асырады.

Тел.: 8 (7212) 40-21-34 (3115)


Дата редактирования: 07 Қазан 2019