Блог руководителя

IMG-20160413-WA0000

Жарғы

«Қарағанды облысының мемлекеттік

                                                                   активтер және сатып алу

                                                                   басқармасы» ММ

                                                                   2015 «_06_» ____11_____

                                                                   № _318_ бұйрығымен

                                                                   БЕКІТІЛДІ

 

«Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ЖАРҒЫСЫ


Қарағанды қ. 2015ж.

 

1. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қарағанды облысы жастары бастамашылдығының орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме (бұдан әрі - коммуналдық мемлекеттік мекемесі) заңды тұлғаның мәртебесіне ие, жастар ұйымдарымен жұмыс жасауды жеделдету және олардың қызметін үйлестіру, жастардың білімдік, кәсіби, рухани, мәдени қалыптасуына жағдай жасау үшін құрылған, ұйымдастырушылық - құқықтық нысанды мекеме болатын коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеме түрі: коммуналдық

3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме Қарағанды облысының әкімдігінің 2012 жылдың 16 қарашадағы № 58/05 «Қарағанды облысы жастары бастамашылдығының орталығы» мемлекеттік мекемені беру және өзгерту туралы» қаулысына сәйкес құрылды.

4. Мекеме құрылтайшысы Қарағанды облысының әкімдігі болып табылады.

5. Өкілетті органның тарауларына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік мекмедегі мүлік құқық субъектісінің қызметіне сәйкес жүзеге асырушы оргын Қарағанды облысының жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

6. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы: мемлекеттік тілде – «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қарағанды облысы жастары бастамашылдығының орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

7. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 100012 Қарағанды облысы, Қазыбек би ауданы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 4.

2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің

құқықтық мәртебесі

8.Коммуналдық мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.

9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің дербес балансы, заңдарға сәйкес банктерде шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған бланкілері, мөрлері және мөртаңбалары болады.

10. Коммуналдық мемлекеттік мекеме берілген басқа заңды тұлға құра, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

11. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекеме ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша уәкілетті орган жауаптылықта болады.

12. Коммуналдық мемлекеттік мекеме жасасатын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тіркеуге жатады.

3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме

қызметінің заты мен мақсаты

13. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің заты жастардың бастамашылдығын дамыту болып табылады.

14. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты – жастардың білімінің, руханилығының, мәдениетінің, кәсiби даярлығының қлыптасуы үшін қажеттi әлеуметтiк-құқтық жағдай жасап, олардың дамуына, қоғам игілігі үшін шығармашылық әлеуетінің ашылуына, қазақстандық патриотизмін қалыптастырып, жастар бастамашылдығын дамыту үшін жағдай жасау;

15. Коммуналдық мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) балалар мен жастарға қоғамға пайдалы қызметі мен бастамашылдығын анықтау қолдау және дамыту;

2) тұлғаның шығармашылық, рухани мүмкіншіліктерін дамыту, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетін қалыптастыру;

3) Қазақстан Республикасында мемлекетік жастар саясатын жүзеге асыруда ақпараттық насихаттау, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

4) кәмелетке толмаған және басқа жас азаматтарға психологиялық-педагогикалық, заңгерлiк көмек көрсету мен кеңес беру;

5) семинарлар мен тренингтер әзірлеу, ұйымдастыру;

6) жастардың қоғамдық бірлестіктеріне ұйымдастырушылық, әдістемелік кеңес беру, ақпараттық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

7) жастар саясаты мәселелері бойынша ғылыми әдістемелік және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

8) зерттеушілік іс-әрекеттер, әлеуметтік сауалнама жүргізу;

9) жастар қоғамдық бірлестіктерімен және студенттер ұйымдарымен, саяси партиялардың және ұлттық мәдени орталықтардың жастар қанатымен, діни және басқа да үкіметтік емес ұйымдарымен өзара қарым қатынас жасау;

10) Қарағанды облысы жастарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттарды талдау, жинақтау, өңдеу;

11) Қарағанды облысының жастарымен жұмыс жасау орталықтарының жұмысын үйлестіру;

16. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге осы Жарғыда айқындалған қызметінің заты мен мақсаттарына сәйкес келмейтін іс-әрекеті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасасуға тыйым салынған

17. Коммуналдық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен шектелген, немесе басшының Жарғылық құзыреттілігін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қарама-қайшы жағдайда жасаған мәміле Қарағанды облысының әкімдігі, «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, немесе прокурордың арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

18. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмысын жүзге асыруға бағытталған мемлекеттік мекеменің басшысының әрекеті жарғыға сәйкес болмаса, еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларына тартылады.

4. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару

19. Коммуналдық мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы» ММ жүзеге асырады.

20. Қарағанды облсының әкімдігі:

1) коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта құру және жою туралы шешім қабылдайды.

       21.          «Қарағанды облысының мемлекеттік  активтер және сатып алу                   

        басқармасы»:

1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің атына мүлік бекітеді;

2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітеді, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

3) коммуналдық мемлекеттік мекемемен филиалдар мен өкілдіктердің құрылуына келісім береді.

22. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселесі жөніндегі

       басқармасы» ММ:

1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

2) коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына бақылау жүргізеді;

3) коммуналдық мемлекеттік мекеме органдарының құрылымын, қалыптастыру тәртібін және өкілеттігінің мерзімін, коммуналдық мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдауының тәртібін белгілейді;

4) коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны қызметтен босатудың негіздемесін белгілейді;

5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

6) коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысының ұсынуы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындайды;

7) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;

               8)  «Қарағанды облысының мемлекеттік  активтер және сатып алу                   

        басқармасы» мемлекеттік мекемесіне коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген немесе меншікті шаруашылық қызметінің нәтижесінде иемденген мүлікті тәркілеуге немесе қайта бөлуге келісімін береді;

9) «Қарағанды облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен келісім бойынша коммуналды мемлекеттік мекеменің қайта құрылуын және жойылуын жүзеге асырады;

10) ҚР Заңдарында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

23. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы ҚР Заңнамаларында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

24. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасына» (заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда) тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.

25. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы бірыңғай басшылық принциптерінде қызмет атқарады және Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Жарғыда белгіленген өзінің құзыретіне сәйкес Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі мәселелерін дербес шешеді.

26. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметін жүзеге асыруы кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен:

1) коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді. Барлық ұйымдарда Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүдделерін білдіреді;

2) коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда мүдделік етеді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банктік шоттар ашады;

7) Барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасымен» келісе отырып бас бухгалтерді тағайындайды;

9) «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы» тағайындайтыннан басқа қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

10) ҚР Заңнамаларына сәйкес Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

11) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің орынбасарының (орынбасарларының) және Коммуналдық мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігінің шеңберін белгілейді;

12) ҚР Заңнамаларында, осы Жарғыда жүктелген және «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жүктеген өзге де функцияларын жүзеге асырады.

5. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің

мүлкін құру тәртібі

27. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі заңды тұлға активін құрайды, оның құны балансында көрсетіледі.

28. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкі төмендегідей құрылады:

1) меншік иесі арқылы берілетін мүлік;

2) жеке әрекеті нәтижесінде алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының Заңнамаларында тыйым салынбаған басқа көздерден.

29. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өздеріне бекітілген, смета бойынша қаражат есебіне алынған мүлікті дербес арылу немесе таратуға құқылы емес.

30. Егер Қазақстан Республикасының Заңнамасымен коммуналдық мемлекеттік мекемеге келген кірісті пайдалану құқығы берілсе, мұндай кіріс сәйкес бюджетке қосылады, Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес тауарды жүзеге асырудан (жұмыс, қызмет) түсен қаражаттан басқасы.

31. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметі облыстық бюджет қаражатымен қаржыландырылады.

32. Коммуналдық мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

33. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық жұмысына тексеру және ревизия Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Еңбек ұжымымен өзара қарым-қатынастар

34. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұжымдық келісім-шартымен анықталады.

35. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс істеу тәртібі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қарама-қайшы болмауы тиіс.

7. Құрылтай құжаттарына

 өзгерістер және толықтырулар енгізу тәртібі

36. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу «Қарағанды облысының мемлекеттік  активтер және сатып алу басқармасы» ММ шешімімен жүргізіледі.

37. Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасынынң Заңнамасына сәйкес тіркеледі.

8. Коммуналдық мемлекеттік мекемені

қайта ұйымдастыру және тарату

38. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

«Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Директоры                         _________                             Касенхан Р.П

                                                (қолы)


Дата редактирования: 31 Қазан 2019