Блог руководителя

IMG-20160413-WA0000

Құрылым

Жастармен  жұмысты  үйлестіру  және бастамашылдығына қолдау көрсету бөлімі:

- жастардың қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшыларымен, жастар ісі жөніндегі комитеттерімен, еріктілермен ынтымақтастықта болады;

- аймақтағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда ауылдық, студент және жұмысшы, оқушы жастармен жұмыс жүргізеді;

- жастардың қоғамдық маңызды бастамаларын дамыту бойынша іс-шаралар өткізеді;

- салауатты өмір салтын қалыптастыруда жұмыстар жүргізеді;

- қайырымдылық іс-шараларын өткізеді;

- жастаға әскери-патриоттық, патриоттық тәрбие беруде іс-шаралар ұйымдастырады және өткізеді;

- Қарағанды облысының жалпы білім беретін, орта арнайы білім беретін, жоғары оқу орындарымен, сонымен қатар қуатты құрылымдарымен қарым-қатынас жүргізеді;

- аймақ өмірін әлеуметтік зерттеуге талдау жүргізеді, мәліметтер жинайды және өткізеді;

- әлеуметтік және психологиялық зерттеулер жүргізу үшін әдістемелік құралдарды әзірлейді;

- жастарға психологиялық көмек көрсетеді. Сұраныс бойынша жекеше, топтық, тренингтік жұмыстар жүргізеді;

- көшбасшысының әлеуметтік-психологиялық келбетін құрастырады;

- жазасын өтеу мерзімі аяқталып қалған 29 жасқа дейінгі сотталушылардың социумға бейімделулері бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізеді;

- этномәдени, діни, халықаралық бірлестіктер, саяси партиялар, оппоненттер, жастардың субмәдениеттерімен өзара қарым-қатынас жүргізеді;

-жастар ортасында діни экстремизмнің, девиантты және делинквентті мінез-құлықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын өткізеді;

- облыста өткізіліп тұратын оқиғалы іс-шараларға сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

Тел.: 8 (7212) 40-21-33  (3111)

 

Ақпараттық қамтамасыз ету және әлеуметтік технологиялар бөлімі:

Мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі заңдарды, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту, еңбек, жұмыспен, тұрғын үймен қамту кепілдіктері мен мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мен насихаттауда ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүзеге асырады;

- аймақтағы барлық деңгейдегі жастарға кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізеді.

- бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да PR-контактардың өкілдері мен Орталық арасындағы қарым - қатынасты жүргізеді. БАҚ пен ғаламтор желілерінде  мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында іс-шаралардың ақпаратын түсіндіреді.      

- аналитикалық ұсыныстармен блог-платформмен контент-талдауын жүргізеді.

- БАҚ ақпараттары мен өзге де сыртқы дерек көздерін мониторинг және талдау бөліміне күн сайын беру үшін жинайды.

Тел.: 8 (7212) 40-21-33 (3214)

 

Мониторинг және талдау бөлімі:  

Орталық қызметі жөніндегі  жиынтық апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы есептілікті жасау;

- Қарағанды облысының статистика Басқармасынан келген Орталық қызметіндегі статистикалық мәліметтерді қолдануда ақпараттар жинайды, талдау және ұсыныстар жүргізеді;

-  БАҚ мониторингі мен өзге де сыртқы дерек көздерін жасау: апта сайын, ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын.

 - облыс бойынша балалар үйлерінің түлекектерін жұмыспен қамту бойынша  ақпараттар жинау, талдау және мониторинг жүргізу;

 - аймақтағы жастармен жұмыс жүргізу Орталықтарының қызметі жөнінде мониторинг және талдау жүргізу, ақпараттық базаны калыптастыру;

- аймақтағы жастар жағдайлары, клубтар (денсаулық, патриоттық, аула, қызығушылықтар бойынша және басқалары),  жастардың суб мәдени, жастардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметтері жөнінде мониторинг және талдау жүргізу, ақпараттық базаны калыптастыру;

 - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында Орталықпен өткізілген іс-шараларға ақпараттар жинайды, талдау және мониторинг жүргізу болып табылады.

Тел.: 8 (7212) 40-21-33 (3113)

 

Жастарға  әлеуметтік - құқықтық  және психологиялық қолдау  көрсету  бөлімі:

Тәжірибиелі заңды-құқықтық және кеңес беру көмектерін жүзеге асырады;

- балалар үйі түлектерінің қоғамда әлеуметтенулері мен әлеуметтік  сауығуларына, заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда, құқық бұзушылықтың алдын алуға жәрдемдеседі;

- балалар үйі түлектерін тұрғын үймен қамту және жұмысқа орналастыру саласында жағдай жасауда, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелерінде мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жүргізеді.

- қызметкерлері жекеше, топтық, тренингтік жұмыстар негізінде тәжірибиелі, диагностикалық, кеңес беру, психо түзету, әлеуметтік-психологиялық көмектер көрсетеді;

- әлеуметтік және психологиялық ауытқыған мінез-құлықты балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектеріне түзету мен алдын алу шараларын жүргізеді;

- тәрбиелеу-түсіндіру жұмыстарын, әлеуметтік-психологиялық патронаж және балалар үйі түлектеріне қолдау көрсетуді жүзеге асырады.

Тел.: 8 (7212) 40-21-34 (3115)

 


Дата редактирования: 16 Шілде 2020